Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы тағайындалды

16:52, 30 желтоқсан 2019

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік техникалық азаматтық авиация университетін – ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2018 жылы «IBS Astana» және «EU» Халықаралық бизнес мектебін бітіріп, іскери әкімшілендіру магистрі атағын және Еуропалық университеттің дипломын алды.

Еңбек жолын 1993 жылы Мәскеу қаласында бастаған.

1998-1999 жылдары — ҚР КжКМ мемлекеттік авиациялық тіркелімінің ӘК пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің жетекші сарапшысы;

1999 жылдан 2001 жылға дейін — «Қазавиасертификация» ЖАҚ коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудиті бойынша бас сарапшы-аудитор, бөлім бастығы;

2001-2002 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация Министрлігінің Астана қаласы Заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы2001-2002 жылдары-ҚР Көлік және коммуникация Министрлігінің Астана қаласы Заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы2001-2002 жылдары-ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Астана қаласы заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;

2002-2003 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиакомпаниялар қызметін реттеу бөлімінің бастығы;

2003-2008 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиакомпаниялар қызметін реттеу басқармасының бастығы;

2008-2010 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті азаматтық авиацияны дамыту басқармасының бастығы;

2010-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі;

2014-2015 жылдары — «Airport Management Group» ЖШС Бас директорының орынбасары (ҚР әуежайлар бойынша басқарушы компания).

2015-2019 жылдар аралығында — басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор.

2019 жылдан бастап — Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!