Назарбаев ЕАЭО-тың құрметті төрағасы болуы мүмкін

11:15, 18 сәуір 2019
284

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрметті төрағасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Қазіргі уақытта мұндай лауазым жоқ, сондықтан да Назарбаевтың болашақ өкілеттіктерінің шеңбері әлі анықталмады. Мүмкін, ол ЕАЭО-ты сыртқы ойыншылардың алдында танытады.

Құрметті төрағаны тағайындау мен өкілеттігін қатысушы елдердің вице-премьерлері 29 сәуірде, ал Үкімет басшылары 30 ссәуірде талқылайды. Ал соңғы шешім 29 мамыр күні өтетін отырыста бекітіледі.

Айта кетейік, 29 мамырда Нұр-Сұлтанда ЕАЭО елдерінің (РФ, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения) президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл күні Мемлекет басшылары одақтың құрылуының бес жылдық мерейтойын атап өтіп, осы уақыт ішіндегі нәтижелерді талқылайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!