Нағыз кәсіпкерлер мен алыпсатарлардың айырмашылығы көрінді – Абаев
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күреске қаражат бөлген меценаттар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кеше Елбасы шешімімен ҚР Тұңғыш Президенті қоры коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлді. Бұл ғибратты біраз адамның жалғастырарына сенімдімін. Бұған дейін BI Group компаниясы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге 100 млн теңге бөлген еді. Kaspi Bank, Халық банк, Қазақтелеком сынды компаниялар коронавирус инфекциясымен және оның салдарымен күресуге көмектесіп жатыр», — деді министр «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.
Ведомство басшысы осындай мысалдардың, қуанышқа орай, көп екенін атап өтті. «Бұл қадамдар біздің көптеген кәсіпкерлеріміздің оқиғаға немқұрайлы қарамайтынын көрсетеді. Бұған дейін тауар бағасын қымбаттатып жіберген алыпсатарлар туралы айтып едім, дәл осындай уақытта нағыз бизнесмен-кәсіпкерлер мен алыпсатарлардың ара-жігі айқын көрінеді», — деді Дәурен Абаев.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл