Мұрағат саласында қызмет көрсететін кәсіпкер мемлекеттен қолдау алды

Мекеме, компанияларда қағаз құжат көп жиналып қалады. Оның бәрін дұрыс сақтап, қажет уақытта тез тауып алу оңай шаруа емес. Қолдану мерзімі өтіп кеткен, айналымға түспейтін бірақ лақтырып тастауға болмайтын құжаттар да болады. Заңға сәйкес құжаттарды сақтау және жоюдың белгіленген тәртібі бар.
«Docs and box Arhive» ЖШС компаниясы 2014 жылдан бастап Батыс өңірінде мұрағаттық қызметтердің толық кешенін ұсынатын «Docs & Box» брендін жасады.
Компания қызметінің негізгі бағытына – құжаттарды депозитарлық сақтау, ғылыми-техникалық өңдеу, сканерлеу және айқындау, электрондық мұрағат қызметтері, оларды құпия түрде жою секілді көптеген жұмыстар кіреді.
Қазір мұндағы сақтау орындары жоғары заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Атап айтқанда: автоматты түрде өрт сөндіретін жүйе орнатылған, ғимарат пен аумақ тәулік бойы күзетіліп, мұрағат бөлмелері құжаттар үшін оңтайлы температурада ұсталады.
«Осы жылдар ішінде біздің компания екі есеге жуық ұлғайды. Ұзақ мерзімді ірі келісімшарттар жасалды. Қызметкерлер ұдайы білім жетілдіріп тұрады. Бізге электрондық мұрағат қызметтерін көрсету үшін арнайы программа сатып алу қажет болды. Ол құжаттардың сенімді сақталуын, құпиялылығын және қолжетімділік құқықтары аражігін ажыратуды, құжаттың пайдаланылу тарихын қадағалауды, іздестірудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- дейді компания басшысы.
Электрондық мұрағат қызметтерін көрсетуге арналған программаны сатып алу үшін компания «Forte Bank» АҚ арқылы 14,75%-бен несие алған. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында оның 8,75%-ын субсидиялайды. Сонда кәсіпкерге қалатын мөлшерлеме 6% болып шығады.
Алдағы уақытта «Docs and box Arhive» ЖШС серіктестігі Қазақстанның басқа қалаларында да қызмет аясын кеңейтуді көздеп отыр.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 26 мамыр 2022
1,1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі – Тоғжанов
-
15:31, 26 мамыр 2022
Бұл соғыс қашан аяқталары белгісіз – НАТО
-
13:27, 26 мамыр 2022
БАҚ туралы заң қайта қаралатын болды
-
13:23, 26 мамыр 2022
Метродағы табытқа ұқсас орындықтар Ташкент тұрғындарын үрейлендірді
-
13:02, 26 мамыр 2022
Ресейден Қазақстанға әуе билеттер сұранысы 2,5 есе өсті