Мұнайдың әлемдік бағасы қайта өсіп келеді

07:23, 24 маусым 2017
441

Лондон және Нью-Йорк биржаларында электрондық сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы өсіп келеді, бұны сауда барысындағы мәліметтер растап отыр.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың тамыздағы фьючерстері барреліне 43,09 долларға дейін, 0,82 %-ға қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері Лондон ICE Futures сауда биржасында 0,91 процентке өсіп, барреліне $45,63 құрады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!