Мұнай бағасы 2017 жылы 56,3 доллар болады

11:22, 20 қаңтар 2017

2017 жылы Brent маркалы мұнай баррелінің орташа құны 56,3 долларды құрайды. Бұл 2016 жылға қарағанда 25%-ға қымбат. Бұл туралы Global Gas Analytics (GGA) сараптамалық қызмет хабарлайды.

Көптеген сарапшылардың болжамынша, ОПЕК елдері мен олардың серіктестерінің мұнайды шектеуі сұраныс балансын және нарықтағы ұсынысты қалпына келтіреді.

Мұнай баррелі 2018 жылы орта есеппен 62 долларға дейін (10,1%), ал 2019 жылы 70,5 доллар (13,7%.) дейін өседі.

Сонымен қатар, экономистер АҚШ пен Ұлыбританияда табиғи газ бағасының қалпына келуі бірқалыпты болады деп күтіп отыр. Болжам бойынша, Нью-Йорктегі NYMEX биржасындағы газ фьючерстері 2017 жылы 3,4 долларға (1 млн БТЕ) дейін өседі.

GGA-ның жеке болжамы нарықтағы газға келгенде белсенділеу, ал мұнайға келгенде пессимистік. Осы жылғы жоспар бойынша, Brent-тің 1 баррелі 55 доллар, 2018 жылы 58,6 доллар, 2019 жылы 64,6 доллар тұратын болады.

Ал, UBS швейцариялық банкінің сарапшылары өз кезегінде Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы төмендейді деп отыр. Себебі 2018-2020 жылдары АҚШ-та сланцты мұнайға инвестиция көтеріледі.

«Сонымен келесі жылы мұнай баррелі орта есеппен 65 доллар, ал 2018-2019 жылдары 70 долларды құрайды»,-деп  жазылған банк есебінде.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!