Мұнай бағасы өсе бастады

17:13, 15 мамыр 2017

Brent-тің баррелі 2 мамырдан бері бірінші рет 52 доллардан сатыла бастады.

 
2017 жылдың шілдесіндегі фьючерс бойынша, Brent мұнайының ICE Futures Лондон биржасындағы бағасы барреліне 1,20 доллардан 52,04 долларға дейін өсті. Ал WTI мұнайы фьючерсінің бағасы маусым айында барреліне 1,09 доллардан 48,93 долларға дейін көтерілді (Нью-Йорк тауар биржасы).
 
«Ресей мен Сауд Арабиясы ОПЕК елдері мен ол елдердің құрамына кірмейтін мемлекеттер арасынадағы келісімді ұзартуға дайын.  Келісім бойынша, мұнай өндіру 2018 жылдың наурыз айының соңына дейін қысқартылады», — деп жазылған Ресейдің энергетика министрі Александр Новак пен Сауд Арабиясының энергетика министрі Халида аль-Фалиханың берген мәлімдемесінде.
 
Олар ұзартылған келісімге жаңа қатысушылар қосылады деген сенімде. Қазір оның құрамында 24 мемлекет бар.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!