Мұнай бағасы күрт төмендеді

10:00, 24 мамыр 2019
245

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Жиырма төртінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: Мұнай бағасы бейсенбі күні наурыз айынан бері ең төмен деңгейге дейін күрт төмендеді. АҚШ-да мұнай қорының кезекті күтпеген жерден үлкен ұлғаюы қысқа мерзімді перспективада жеткізілімдерге қатысты қауіптің бәсеңдеуіне алып келді. Бірақ АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық соғысы ұзақ мерзімді сұранысқа қалай әсер ететіндігі туралы алаңдаушылық тудырады, деп хабарлайды investing.com. 22: 02-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай қоспасының шілде фьючерстерінің құны 4,94%-ға, барреліне 67,47 долларға дейін төмендеді. Ал WTI фьючерстерінің бағасы 5,37%-ға, барреліне 58,12 долларға дейін арзандады.

Металдар: 22:04-те алтынға арналған маусым фьючерсінің бағасы 0,91%-ға қымбаттап, бір троялық унциясы 1 285,65 долларға сатылды. Күміске фьючерстің құны 1,23%-ға өсті, бір троялық унциясы 14,6 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 22:05-те bitcoin 7 788,65 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,75%–ға арзандап, ал оның капитализациясы 137,9 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 4,07–ға төмендеді, 243,49 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 25,8 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы — 242,2 млрд доллар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!