Мүгедектерге банк қызметін тұтынуда кедергі көп

09:00, 12 қазан 2019

Бұл туралы Ұлттық банкте өткен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысында айтылды.

К. Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы жөніндегі комиссияның төрағасы В. Алаевтың айтуынша Қазақстанда 670 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Сонымен қатар түрлі себептермен «мүгедек» мәртебесін ала алмаған белгілі бір адамдар үлесі бар, оларды да қозғалысы шектелген және халықтың осал топтарына жатқызуға болады. Олардың ішінде жұмыс істейтіндері, яғни қаржы ұйымдарының әлеуетті клиенттері – 300 мыңнан астам адам.

В. Алаев «халықтың бұл тобы қаржылық қызметтерді алу кезінде төрешілдік және психологиялық сипаттағы қиындықтарға жиі ұшырайды, дейді — Көптеген қаржы мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған инфрақұрылым жоқ. Мысалы, банктердің бөлімшелерінде пандустар жоқ, банкоматтардың, ақпараттық стендтер ерекше адамдардың пайдалануына қолайлы емес», — дейді ол.

Ол банк қызметкерлерінің мүгедектермен жұмысында қиындықтар барын айтады. Мұны шешу үшін мүмкіндігі банк қызметкерлеріне нұсқаулықтар, тренингтер өткізу қажет.

«Қазақстанның ұлттық заңнамасы мен заң аясындағы актілеріне осал топтарды қаржылық инклюзияның жаһандық процестері және БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының нормалары тұрғысынан маңызды түзетулер енгізуді қажет етеді. Қаржы саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды қорғау саласындағы стратегиялық құжаттар да толықтырулар талап етеді, себебі бүгінгі күні оларда қаржылық инклюзия мәселелері қамтылмаған», — дейді В.Алаев.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері банктердің бөлімшелеріндегі инфрақұрылымға қойылатын талаптарға қатысты нормативтік құқықтық актілерге талдау жасауды ұсынды.

Банктердің өкілдері ұсынылған бастамаларды қарауға дайын екенін білдірді. Мүмкіндігі шектеулі, қаржылық қызметтерді тұтынушылармен жұмыс істеу үшін жүйелі негізде қызметкерлерді оқытып, үйретуге ниетті екендерін айтты.

Отырыстың қорытындысы бойынша жұмыс тобының қатысушылары іс-қимыл жоспарын әзірледі. Онда қаржылық қызметтердің сапасын және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыру жөніндегі нақты шаралар кешені көзделеді. 

Айта кетейік, отырысқа Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары О. Смоляков, ҚР Қаржыгерлері Қауымдастығы мен банктердің өкілдері, мүгедектер қатысты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!