МСҚ емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырады
Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігімен бірлесіп халыққа қызмет көрсететін емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырып жатыр. Бұл туралы Алматыдағы медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.
«Қаржыландыру көлемі артқаннан кейін медицина ұйымдарынан түсетін өтініштер мен келісімшарттар саны да екі есе көбейеді. Сондықтан біз сатып алу процесін де жетілдіріп жатырмыз. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында қызмет көрсететін компаниялар базасын жасау, конкурсқа қатысуға өтініш беру, сатып алу процедурасы, жеткізушілерді іріктеу комиссияларының жұмысы да толығымен автоматтандырылады. Бұл жұмыстың бәрі электронды сатып алулар порталы арқылы онлайн режимде жүргізіледі», — деді Айбатыр Жұмағұлов.
Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынатын қызметтерді емдеу мекемелері арасында бөліске салу жұмыстарының нәтижесі денсаулық сақтау саласындағы төлем жүйелеріне жіберіледі. Содан кейін Қор мен жеткізушілер арасында келісімшарт бекітіледі. Бұл өзгерістердің бәрі де медициналық қызметтерді сатып алу процесінің ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз етпек.
«Қазірдің өзінде Қорда келісімшарттар мен қосымша келісімдер автоматты түрде қалыптастыру функциясы іске қосылған. Осы тамыз айында құжаттардың бір бөлігіне цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қоюға мүмкіндік аламыз», — деп қорытты МСҚ басшысы.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл