Микроқаржылық ұйымдардың несие көлемі 40%-ға өсті

17:28, 17 сәуір 2019
640

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Қазақстандағы микроқаржылық ұйымдардың (МҚО) шағын несие көлемі 2018 жылдың соңына қарай 226,8 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 39,6%-ға артты, деп хабарлайды Ranking.kz.

Осы кезеңде екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) несиелері 3%-ға, 13,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

МҚҰ мерзімі өткен берешегі 2018 жылдың төртінші тоқсанында 9,1%-ға, 13,8 млрд теңгеге дейін қысқарды. Ал банктердің берешегі 876,2 млрд теңгеге (9,3%) дейін азайды.

Сонымен қатар, 2018 жылдың соңғы тоқсанында МҚҰ мерзімі өткен кредиттерінің үлесі 7,2%-дан 6,1%-ға дейін, банктерде 7,6%-дан 6,7%-ға дейін төмендеді. 2017 жылдың ұқсас кезеңінде ҚР МҚҰ мен ЕДБ кредиттерінің сапасы арасындағы айырмашылық МҚҰ пайдасына шешілді — 2%-дан асты. 2018 жылдың соңында барлығы 0,6%-ды құрады.

МҚҰ-ның мерзімі өткен микрокредиттерінің 97%-ға жуығы жеке тұлғаларға берілген қарыздар — 13,4 млрд теңге,. Бұл 2017 жылдың соңына қарағанда 45,7%-ға артық. 2018 жылдың соңғы тоқсанында кешіктірілу көлемі ІІІ тоқсанмен салыстырғанда 9,2%-ға қысқарды.

Ал заңды тұлғалардың мерзімі өткен кредиттері бір жыл ішінде 97,6% — ға, 454,2 млн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте 2018 жылдың соңғы екі тоқсаны арасындағы айырмашылық (-)6,6%-ды құрайды.

Жеке тұлғаларға берілген банктердің мерзімі өткен кредиттерінің үлесі 2018 жылдың төртінші тоқсанында портфельден 7,8%-дан 7,2%-ға дейін азайды, 2017 жылдың ұқсас кезеңінде ол 8,4% болды. Корпоративтік кредиттерден— 7,5%-дан 6,3%-ға дейін қысқарды, бұл бір жыл алдын 7,6%-ды құрады.

Айта кетейік, ҚР МҚҰ микрокредиттерінің 53,4%-ы KMF-ге тиесілі — 117,4 млрд теңге. 2018 жылдың төртінші тоқсанында өсім 6,9%-ды құрады. Екінші орында 30,6 млрд теңге көлемімен «Тойота Файнаншл», тоқсан бойынша өсім 9,4% болды.«Арнур Кредит» үшінші орында — 12,1 млрд теңге, тоқсан бойынша өсім — 8,2%.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!