Microsoft Қазақстанды жаңа өңірлік менеджер – Сергей Лещенко басқарады

16:23, 15 сәуір 2021

Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz — Microsoft Қазақстандағы Microsoft-қа өңірлік менеджер болып Сергей Лещенко тағайындалғанын хабарлады.

Өңірлік менеджер ретінде Сергей компанияның стратегиялық дамуымен, қазақстандық тұтынушылармен және серіктестермен тығыз әріптестік қатынастар орнатумен айналысатын болады. Одан өзге, ол Microsoft компаниясының жергілікті нарықтағы басымдықтарының бірі болып табылатын сандық трансформацияны осы елде қолдауға жауапты тұлға болады.

«Қазақстандық нарық – Орталық және Шығыс Европадағы маңызды дамушы аймақ, сондықтан мен үшін Microsoft-тың Қазақстандағы командасына қосылып, оны басқару – үлкен мәртебе. Мен елдегі цифрландыру үдерісіне өз үлесімді қосу үшін Microsoft-тағы әріптестермен, тұтынушылармен және серіктестермен, сонымен қатар үкіметпен және қоғаммен қызметімді бастауды асыға күтудемін», — деді Сергей Лещенко.

Сергейдің байланыс, мобильдік өнімдер және инновациялық технологиялар саласында 20 жылдық тәжірибесі бар.

Microsoft туралы

Microsoft (Nasdaq «MSFT» @microsoft) «интеллектуалды бұлт»  және » интеллектуалды технологиялар» дәуірінде сандық түрлендіруге жағдай жасайды. Компанияның миссиясы — планетадағы әрбір адамға және ұйымға көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беру.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!