Microsoft Қазақстан Алматының білім саласын цифрлық трансформациялауға көмектеседі

12:53, 13 қаңтар 2021
8394

Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатында бірлескен жұмыстарды жүзеге асырады.

Бұл мақсатта тараптар Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар цифрлық сауаттылықты, Алматы қаласы мектептерінің педагогтары мен оқушыларының  цифрлық машықтарын және құзыреттерін  арттыруды көздейді.  Жобада  қаланың 200-ден аса мектебін қамту жоспарланып отыр.

 «Бүгінгі таңда цифрлық құралдарды пайдаланбай, білім беруді елестету қиын. Сондықтан біздің ықтимал ынтымақтастығымыз аясында Microsoft компаниясы ұсынуға дайын бірегей тәжірибе, үздік халықаралық практикалар және инновациялық технологиялар, қаланың білім беру жүйесін табысты цифрлық трансформаиялаудағы мақсаттарға жетуде бізге көмегі тиетініне сенімдіміз», — дейді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы Ляззат Жылқыбаева.

Уағдаластықтарға сәйкес, білім саласын цифрландыру Microsoft-тың білім берудегі зерттеулері мен көп жылдық тәжірбиесіне негізделген үздік халықаралық практикаларды ұсынуды қамтиды.

Microsoft-та әлемнің түрлі елдерінің білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудың тиімді стратегияларын жүзеге асырудағы ауқымды тәжірибесі бар болғандықтан, бұл білім берудің жергілікті жүйесінің қажеттіліктері мен міндеттерін ескере отырып, ең оңтайлы стратегияларды тәжірибе жүзінде таңдауға және енгізуге мүмкіндік береді. Білім беруді цифрлық трансформациялау барлық оқушыларға өз әлеуеттерін ашуға және толықтай іске асыруға, ал мұғалімдерге оқытуға арналған қауіпсіз, сенімді және инклюзивті ортаны құрудың арқасында, жұмыстың инновациялық әдістерін енгізу мен қолдануға көмектеседі.  

Тараптар қарастырып жатқан бағыттардың бірі — қала мектептеріне білім беруге арналған Microsoft «Minecraft: Education Edition» мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандыруын бірлесіп енгізу мен дамыту  жобасы.  «Minecraft: Education Edition» — бұл сабақ берудегі әдістерді өзгертетін және балаларды оқу үдерісіне тарту мен  олардың бойында білімге деген қызығушылықты оятуға көмектесетін, ойын негізіндегі оқу платформасы. Әлемнің әр түкпіріндегі оқытушылар оқушыларды сабақ беру мен оқытудағы мүмкіндіктер шегі қиял мен ғана белгіленетін иммерсивті цифрлық ортада барынша қызықтыру үшін «Minecraft: Education Edition»-ді оқу үдерісі барысында сабақ кезінде әр түрлі пәндерде қолданады.

«Біздің Алматы қаласының білім басқармасымен және цифрландыру басқармасымен ықтимал ынтымақтастығымыз қаланың білім берудегі цифрлық трансформациясына оң әсер етеді деп сенеміз. Бүгінгі таңда заманауи цифрлық технологиялар оқыту үдерісін қызықты, интерактивті және инклюзивті етугі көмектесіп, білім беру  үшін шексіз дерлік мүмкіндіктер ашуда. Microsoft-тың білім беруге арналған  заманауи шешімдері  оқушылардың білімді анағұрлым тиімді игерулеріне жәрдемдесуде, сондай-ақ мұғалімдерге оқытуда инновациялық құралдар мен әдістерді қолдануға мүмкіндік береді»,- дейді Microsoft-тың Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы Нұрлан Жаныбек.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!