Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» басшысы қызметінен кетеді

15:30, 1 шілде 2022

Қазақстан. 1 шілде. 7kun.kz – Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп «ұлттық атом компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов компанияның Басқарма төрағасы — Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылғы 4 шілдеден бастап өз еркімен кетеді», — делінген хабарламада.

Шәріпов бұл қызметті 2021 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келген еді.

«Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов Басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады», – деді ұлттық атом компаниясында.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!