Мәжіліс Мәдениет және спорт министрінің кандидатурасымен келісті

14:18, 17 маусым 2019

Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – Мәжіліс Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау туралы Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасымен келісті.

Бұрын ол вице-министр қызметін атқарды.

Райымқұлова 2007-2008 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясының «Композитор және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі болды.

2013-2014 жылдары консерваторияның ғылыми-шығармашылық мәселелер жөніндегі проректоры.

2014 жылдың маусым айынан қараша айына дейін мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылғы 3 қазанда Үкіметтің қаулысымен Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!