Мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларының жолын кесетін заң жобасын талқылап жатыр

10:59, 25 мамыр 2022

Нұр-Сұлтан. 25 мамыр. 7kun.kz – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалауды күшейту, сондай-ақ қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» заң жобасын талқылауға кірісті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сондай-ақ, депутаттар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заң жобасымен lt жұмыс істей бастайды.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов хабарлағандай, заң жобаларын Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін Қазақстан Парламентінің депутаттары әзірледі.

«Заң жобаларының негізгі мақсаты – азаматтардың мүлкінің қорғалуы, қаржы пирамидасының бастапқы сатысында оның жолын кесу. Қаржы және бюджет комитеті 16 қарашаға дейін заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», деді Мәжіліс депутаты Мұрат Құсайынов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!