Мәжіліс БЖЗҚ қаржысын жеке компанияларға бөліп беру керек деп есептейді

13:55, 19 қаңтар 2017
302

Мәжіліс депутаттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) бас тартып, бірнеше ірі зейнетақы қорын құруды ұсынады. «Ақ жол» фракциясының депутаты Дания Есполованың сөзінше, қорды мемлекеттің басқаруы шығындарды ұлғайтып жатыр. 

«Фракция БЖЗҚ монополиясынан бас тартып, бірнеше бәсекелес зейнетақы қорларын құру туралы ұсынысы айтады. Оларды мемлекет пен үкімет қатаң бақылауға алып отырады», — деп атап өтті ол.

Оның хабарлауынша, «Ақ жол» Ұлттық банктің БЖЗҚ айналасындағы кейбір мәлімдемелерін келіспейді. Осыған дейін қаржы реттеуші зейнетақы қоры облигацияларға салды деген 5 млрд теңгесі салымшылардың ақшасы емес өз қаржысы деп хабарлаған еді.

«Қордың ешқандай да өз қаржысы болуы мүмкін емес, барлық қаржы ресурстары — миллиондаған азаматтардың сеніп тапсырған ақшасы немесе олардан түскен инвестициялық табыс. Ұлттық банк бір уақытта әрі реттеуші, әрі БЖЗҚ операторы болып отыр. Бұл жағдайда мүдделер қайшылығы болатындығын ескеру қажет», — деді ол.

Бұл мәселемен «Халықтық коммунистер» партиясының өкілдері де келісіп отыр. Олардың өкілі, депутат Айқын Қоңыровтың мәлімдеуінше, қордың инвестициялық стратегиясы жоқ, осыдан жалпы зейнетақы жүйесінің бейнесін көруге болады.

«Көптеген проблемалар шешусіз қалған, халық толығымен жинақтау жүйесімен қамтылмаған. Сараптама көрсеткендей, жинақтау жүйесіндегі ақпарат пен оған шынайы қатысатын адамдар саны бір-біріне сәйкес келмейді. Заңдық тұрғыда БЖЗҚ әрекетін реттеп, инвестициялық стратегия құрастыру керек», — деп атап өтті депутат.

Сондай-ақ ол халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толығымен қамтылмағанын атап өтті.»БЖЗҚ мәліметінше, индивидуалды жарна төлейтін салымшылардың саны — 9,6 млн. Ал еліміздегі еңбекпен қамтылғандар саны — 8,5 млн, экономикалық белсенді халық саны — 8,9 млн. Зейнетақы жинағын жүргізетіндер мен жұмыс істейтіндер саны бір-біріне сәйкес келмейді», — деп атап өтті ол.

«>Жиналған қаржы да зейнеткерлерге жақсы тұрмысты қамтамасыз ете алмайды екен. «2016 жылдың 1 желтоқсанында міндетті жарна көлемі 6,5 трлн теңге болды. Яғни орта есеппен әр адамға 680 мың теңгеден келеді. Халықтың табысы азайып жатқан уақытта, ондай соманы барлық адам жинақтап үлгермейді», — деді Қоңыров.

Еске салайық, 2016 жылдың 22 қарашасында ҰҚК-нің Алматыдағы департаменті БЖЗҚ-ға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар зейнетақы қоры «Бузғул Аурум» кәсіпорнымен заңсыз келісім жасаған деп есептейді. Қордың басшылары тұтқындалды, тергеу ісі жүріп жатыр.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!