Мәскеуде ірі инвестициялық Baring Vostok компаниясының негізін салушы Майкл Калви ұсталды

19:10, 15 ақпан 2019

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Baring Vostok-тің баспасөз қызметі хабарлағандай оқиға Ресейдегі портфельдік компанияның бірінің акционерлерімен корпоративтік келіспеушілік аясында болған.

«Бұл оқиға қазақстандық Kaspi.kz компаниясына еш әсер етпейді, – дейді Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, – Baring Vostok – Ресей мен ТМД елдеріндегі 24 жылдық кіршіксіз беделі бар ірі халықаралық инвестициялық қор. Қордың 80 инвестициясының арасында Яндекс, СТС Медиа, Боржоми, Tinkoff Bank, Озон, Avito, Kaspi.kz және басқа да көптеген белгілі, табысты компаниялар бар. Көптеген жылдар бойғы бірлескен жұмыс пен достығымызда Майктың кәсібилігі мен адалдығына күмән келтіретін бірде бір жайт болған жоқ. Біз бұл оқиғаның жақын уақытта заңды негізде шешілетініне үміттенеміз».

Бүгін осы жағдайға байланысты Ресейдің ірі мемлекеттік тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев те пікір білдірді. Ол Baring Vostok-тің негізін салушы Майкл Калвиді қамауда ұстау шарасын жеңілдету үшін жеке кепілдік беруге дайын екенін, өйткені ол Ресей Федерациясына шетелдік инвестиция тарту үшін үлкен еңбек сіңіргенін айтты. «Мен қамауда ұстау шарасын жеңілдету мақсатымен Майкл Калви үшін жеке кепілдік беруге дайынмын және ол Ресей Федерациясына шетелдік инвестиция тарту үшін үлкен жұмыс атқарды, сондай-ақ көптеген ресейлік компаниялардың қалыптасуына көмектесті», – деді Дмитриев Мюнхендегі қауіпсіздік туралы конференция кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!