Мәскеу биржасы KASE акцияларын сатып алу мерзімін 2020 жылға ауыстырды

15:19, 6 желтоқсан 2019

Алматы. 06 желтоқсан. 7kun.kz — Мәскеу биржасы (MOEX) Қазақстан қор биржасының (KASE) бір бөлігін 2020 жылға дейін сатып алуды кейінге қалдырды.

Бұған дейін MOEX мерзімді 2018 жылдан 2019 жылға ауыстырған.

Мәскеулік биржаның ақпаратынша, кешіктіру қажетті корпоративтік рәсімдердің ұзақтығына байланысты.

«Көлемі 17%-ға дейінгі қалған пакет 2020 жылы сатып алынады. Біздің бірлескен жоспарларымыз бұрынғысынша өзгеріссіз. Бірінші кезең іске асырылды: 3 желтоқсанда KASE қор нарығында жаңа сауда-клирингтік жүйе енгізілді. Осы күннен бастап теңге есебімен ETF, еурооблигациялар және доллармен есептесуі бар депозитарлық қолхаттар, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының сауда — саттығына жаңа платформада жүреді», — деп түсіндірді MOEX.

Еске сала кетейік, стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге 2018 жылғы 10 қазанда қол қойылды. Ол Мәскеу биржасының KASE жарғылық капиталының 20%-ына дейін екі кезеңде сатып алуын қарастырады. Осы мақсатта биржа 338 млн рубль жұмсауды жоспарлап отыр. Осы жылдың қаңтарында MOEX KASE 3,32% акциясын сатып алды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!