М.Есенбаев Қазақстан және Таиланд азаматтары үшін визасыз режим енгізуді ұсынды

13:11, 20 сәуір 2017

Қазақстанның Таиландтағы елшісі Марат Есенбаев Корольдіктің премьер-министрі Прают Чан-о-чаға Бангкоктегі кездесу барысында Қазақстан және Таиланд азаматтары үшін визасыз режим енгізуді ұсынды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Елші Таиланд үкіметінің басшысын Қазақстанның ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен таныстырып өтіп, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» саясатын іске асыру аясында екі ел кәсіпкерлері үшін мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай құттықтау сөздерімен бөлісіп, ынтымақтастықтың даму динамикасын және Қазақстан-Таиланд өзара іс-қимылының одан әрі даму перспективаларын талқылады.

П. Чан-о-ча елшіге Қазақстан-Таиланд қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынастардың сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті және өзара тиімді әріптестіктің даму қарқынының одан әрі қолдау табарына сенім білдірді.

Елші премьер-министрге Қазақстан мен Таиланд азаматтары үшін визасыз режим енгізуді ұсынды. Марат Есенбаев визалық талаптарды алып тастау туристер мен кәсіпкерлердің өзара ағымының артатынына және екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларындағы практикалық өзара іс-қимылдың алға басатынына ықпал ететінін атап өтті.

Премьер-министр М.Есенбаевты қолдап, Таиланд барлық ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқталғаннан кейін визалық талаптарды алып тастау туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға дайын екенін жеткізді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!