Мереке қарсаңында қосымша пойыздар іске қосылады

11:05, 11 желтоқсан 2019

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлімдеді.

Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды бірыңғай анықтама қызметінің 105 телефоны бойынша пойыз қозғалысы кестесі бойынша ақпаратты нақтылауды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Пойыздар келесі бағыттар бойынша іске қосылады:

№ 6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» — 2019 жылғы 17 және 31 желтоқсан, 2020 жылғы 7 қаңтар;
№ 7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» — 14 және 28 желтоқсан, 4 қаңтар 2020 жыл;
№ 7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» — 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсан 2019 жыл, 3, 4, 7 қаңтар 2020 жыл.

Сондай-ақ, «Алматы-Новосибирск» бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы қосымша бір рейсті теміржолға шығарады. Ол 2020 жылдың 2 қаңтарында Алматы-2 вокзалынан, 2020 жылдың 4 қаңтарында Новосибирск қаласынан кері бағытта қатынайды.

Бұған дейін хабарланғандай, мереке күндері Ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша пойыздарды іске қосты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!