Мемлекеттік тапсырыстың негізгі бөлігі бірыңғай ұйымдастырушыға беріледі

14:53, 15 тамыз 2019

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алуды орталықтандырудың жаңа үлгісін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев.

«Бүгінде орталықтандырылған сатып алудың қолданыстағы жүйесін күшейту мәселесі туындап отыр. Біз ұсынатын үлгі негізгі сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыларға республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде беруді көздейді. Бұл сатып алушыларды 25 мыңнан 500-ге дейін (мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар) төмендетуге және тиісінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды жеңілдетуге алып келеді», — деді Бекетаев.

Оның мәліметінше, Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың жыл сайынғы көлемі 3,2 — 3,5 трлн теңгені құрайды. Республикада 25 мың тапсырыс беруші бар, олардың жартысынан көбі — білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала ұйымдары.

Бекетаев 2018 жылы мемлекеттік сатып алудың тек 15%-ын мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыларымен (республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде) ұйымдастырғанын айтты. Мемлекеттік сатып алудың қалған бөлігін (85%) тапсырыс берушілер дербес жүргізді.

«Лоттарды ірілендіру есебінен әр түрлі тапсырыс берушілерден сол тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаларды саралау мәселесі реттелетін болады деп ойлаймын. 100 жиі сатып алынатын тауарларды талдай отырып, біз олар бойынша бағалардың едәуір шашырауын байқадық. Сондай-ақ, лоттарды ірілендіру есебінен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға арналған әкімшілік шығындар, сондай-ақ еңбек шығындары азаяды», — деді вице-министр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!