Мемлекеттік сыртқы қарыз көлемі бір жылда 10 пайызға артты

13:36, 17 сәуір 2017

Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы жекеменшік сектордің берешегімен салыстырғанда тезірек өсіп жатыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, банктер мен ұйымдардың 50 пайызын иемденіп отырған банктер мен ұйымдардың кепілдендірілген қарызы 35,8 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Finrom.kz сараптама агенттігі осылай хабарлады.

Дегенмен, сараптама агенттігінің хабарлауынша, өткен жылы жеке сектордың қарызы тек 5 пайызға өскен. Сыртқы қарыздың жалпы үлесінде 21,8 пайыз қарыз мемлекеттік секторға тиесілі, өткен жылы бұл көрсеткіш 21,3 пайыз еді.

Өткен жылы қарыз сыртқы кредиторларың мемлекеттік кәсіпорындарға тіке инвестиция салуы есебінен өскен. 2016 жылы мұндай кәсіпорындардағы қарыз 2 млрд долларға артып, 3 есе ұлғайған.

Мемлекеттік басқару органдары сыртқы қарызы көлемін 816 млн долларға арттырды. Оның ішінде қысқа мерзімді қарыз 822 млн долларға артса, қысқа мерзімді қарыз 6 млн долларға азайған.

Агенттік мамандарының айтуынша, алдағы екі жылда мемлекет өзінің еншісіндегі компаниялардың кепілдендірілген қарызының 30 пайызын немесе 10,8 млрд долларын қайтаруы керек.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!