Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысы тағайындалды

16:36, 24 мамыр 2018

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысын тағайындады, – деп хабарлайды Ақорда.

“Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын”, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Ведомство өкілдері Қанат Орынтайұлы Оразқұловтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Амантай Жанкеұлы Күреңбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылғаны айтылады.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!