Мемлекеттік бюджеттің жалақы шығындары бір жыл ішінде 6,7 пайызға өсті

12:50, 21 маусым 2018

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – 4 ай ішінде еліміздің бюджетіндегі шығын мөлшері 3,3 триллион теңгені құрады. 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде мемлекеттік бюджеттің барлық бағыттары бойынша шығыны 3,3 трлн тг жетті, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (2,9 трлн тг) 11,7%-ға артық, деп хабарлайды finprom.kz.

Ағымдағы жылдың 4 айында бюджет қаражаты жұмсалған негізгі бағыттар: әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету – 875 млрд тг (өсім – 19,8%), білім беру – 577,2 млрд тг (өсім – 6,7%), денсаулық сақтау – 435,4 млрд тг (өсім -25,8%), қарыздарды өтеу және қоғамдық тәртіп – сәйкесінше 198,1 және 196 млрд тг (өсім -18,9% және 10%).

Аталған бес бағытқа жалпы 2,3 трлн тг немесе барлық мемлекеттік бюджет шығындарының 70%-ы тән. Қалған бағыттарға 978,4 млрд тг (30%) қаражат жұмсалды.

Мемлекеттік бюджетті орындау аясындағы жалақы шығындары 412,5 млрд тг құрады, бұл бір жыл бұрынғы 386,6 млрд тг көрсеткішінен 6,7%-ға асып түсті. Барлық жалақының 70,1% -ы немесе 289,2 млрд тг жергілікті бюджеттен, 123,3 млрд тг (29,9%) республикалық бюджеттен бөлінген.

Жыл басынан бергі 4 айдың қорытындысы бойынша бюджет кірісі шығындардан асып түсіп, 25,4 млрд тг оң сальдоны (пайда) көрсетті. Салыстырмалы түрде алғанда өткен жылдың осы мерзімінде кірістер мен шығындар сальдосы мемлекеттік бюджетте 46,4 млрд тг жетіспеушілікті көрсеткен болатын. Көп жылдық динамика бойынша 2017 жылдың соңында мемлекеттік бюджет шығындары 12,5 трлн тг құрады, бұл 2016 жылдың шығындарынан 32,3% немесе 3,1 трлн тг асып түсті.

Соңғы 5 жыл ішінде бюджет шығындары 2 есе өсіп, 6,2 трлн тг дейін жетіп отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!