Мемлекеттік бюджет кірісі 108,9 пайызға ұлғайды

14:20, 19 қыркүйек 2017
1026

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-тамызында мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есептемегенде) 4 512 млрд 3 млн теңге көлемде кіріс түскен. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында хабарлады.

Министрдің айтуынша, экономика салаларын дамытудың оң нәтижелері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына айтарлықтай әсер етті. Ағымдағы жоспарды орындау бойынша, сондай-ақ өткен жылдың ұқсас кезеңіне өсу қарқыны бойынша да оң тренд байқалып отыр екен.

Мысалы, мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) өткен жылмен салыстырғанда 366,9 миллиард теңгеге немесе 108,9 пайызға ұлғайды. Оның 172,2 миллиард теңгесі республикалық бюджетке, ал 195,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттерге тиесілі. Бұл фактор қаржы секторын қолдаудың қосымша көздерін пайдалану және жалпы сипаттағы трансферттерді қайта қараумен бірге мемлекеттік бюджет шығындары өсімінің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен 3 трлн теңгеге немесе 47,6 пайыз өсуіне алып келді.

Жалпы биыл 8 айда мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есептемегенде) 4 512,3 миллиард теңге көлемде кіріс түскен. Асыра орындау 194,5 млрд теңгені немесе есептік кезеңдегі жоспардың 104,5 пайызына тең.  Республикалық бюджет бойынша ағымдағы жоспар 102,2 пайызға орындалды. 3 083,4 млрд теңге (3 016 млрд теңге жоспар кезінде) жиналды, асыра орындау 67,4 миллиард теңгеге тең болды.

Жалпы барлық түсімдер бойынша өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалып отыр. Жергілікті бюджеттердің кірістері 1 429,7 миллиард теңге болды. Бұл есептік кезеңдегі жоспардың 109,8 пайыз (асырау орындау сомасы 127,8 миллиард теңге).

Источник: 7kun.kz

Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!