Мектептерде «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні оқытылады

10:45, 20 қыркүйек 2017

Астана. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдан бастап барлық мектептерде «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні оқытылады. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Кәсіпкерлік және бизнес» пәнін мектептің 10-11 сынып оқушылары оқитын болады.

«Біз пәннің бағдарламасын жасауда халықаралық бизнес мектептердің тәжірбиесіне сүйендік. Пән бағдарламасының 40 пайызы теориядан, 15 пайызы бизнес кейстен, 45 пайызы ойын түріндегі тәжірбиеден тұрады. Себебі кәсіпкерлік — іс-әрекет. Алғашқы тоқсанда 10 сынып оқушылары әлемдегі кәсіпкерлік, стартап мәдениет, заманауи стартап мәдениеті, кәсіпкерлік пен инновацияның жаңа тенденцияларымен танысады. Екінші тоқсанда салық, директор басқа да компания құрылымы және оның жұмысын біледі. Үшінші тоқсанда кәсіпкерліктегі бәсекелестік орта туралы өтіледі. Соңғы тоқсан 20 сабақтан тұрады. Бұл мерзімде топқа біріккен оқушылар өнімнің өзімен жұмыс істейтін болады» — деді бағдарламаны жобалаудың басшысы Ермек Серікбайұлы.

11 сыныпта бизнес идея құру, әлеуметтік кәсіпкерлік, жеке қаражатын басқару, әлемдік маркетинг және басқа да тақырыптар қамтылады. Бітіруші түлектерге ҰБТ-ға дайындығы ескеріліп, физикалық қысым түсірілмейді. Аталған пән 68 сабақтан тұрады.

Айгүл Хожантаева

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!