Машина жасау өндірісінің көлемі триллион теңгеге жетті

11:52, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 2018 жылы құндық мәнде 1 трлн теңгеден асты- бұл 2017 жылға қарағанда 17,5%-ға артық. 2017 жылға өнеркәсіп өндірісінің индексі 114,1% құрады. Мұндай деректерді energyprom.kz ұсынды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде машина жасаудағы өндіріс көлемі 359,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 17,6%-ға көп. Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың есепті кезеңінде 119,8% болды.

Машина жасаудағы өндіріс көлемінің айтарлықтай өсуі автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару (58,9% — ға, 83,9 млрд теңгеге дейін) және өзге де көлік құралдары мен жабдықтар өндірісі (62,9% — ға, 23,2 млрд теңгеге дейін) салаларында байқалды. Өнеркәсіп өндірісінің ең жоғары индексі өткен жылдың есепті кезеңінде автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндірісінде тіркелген — 145,8%.

Ал компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісінің көлемі айтарлықтай қысқарды: 39,1% — ға, 8,3 млрд теңгеге дейін.

Машина жасау саласындағы өндіріс көлемінің жартысынан астамы 4 аймаққа тиесілі: Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары және Алматы қаласы.

ҚР өңірлері арасында өндіріс көлемі 63,5 млрд теңге болатын Шығыс Қазақстан облысы алдыңғы қатарда. Екінші орынды Қостанай облысы алады: 50,3 млрд теңге — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе артық.

Сонымен қатар, ШҚО мен Қостанай облысында машина жасау саласында автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі басым: 40,8 млрд және 38,3 млрд теңге.

ШҚО-да «AзияАвто», «СемАЗ» және Daewoo Bus сияқты ірі зауыттар жұмыс істейді, Қостанай облысында — «СарыарқаАвтоПром».

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!