Маңғыстауда көлік жүргізушілері арасындағы төбелес өліммен аяқталды

11:32, 27 шілде 2022
3549

Маңғыстау облысы. 27 шілде. 7kun.kz – Маңғыстауда жол бойында жанжал туындап, көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді, деп хабарлайды 7kun.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 22 шілде күні Жаңа Дәулет ауылында екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, сөзге келіп қалды. Жанжал соңы қайғылы аяқталды.

«Алдын ала болжамға сәйкес, екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, ұрсысып қалды. Сол кезде ашуға булыққан күдікті көліктен шығып, 67 жастағы ер адамды соққыға жыққан. Зейнеткер алған жарақатынан қайтыс болды», — дейді полицейлер.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сотының санкциясымен 35 жастағы күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!