Мағжан Әуезов ForteBank директорлар кеңесінің төрағасы болды

12:53, 15 наурыз 2018

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Мұндай шешімді Директорлар кеңесі 2018 жылдың 12 наурызында қабылдады.

Бұдан басқа, ForteBank 2018 жылдың 12 наурызында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хабарлады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша, банктің директорлар кеңесінің мүшелері ретінде 2021 жылы банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында өкілеттік мерзімі аяқталатын бес адам анықталды. Сонымен, банктің директорлар кеңесінің мүшесі Болат Өтемұратовтың мүдделерін білдіретін банк акционерлері болып Мағжан Әуезов, Әнуар Өтемұратов және Тимур Исатаев сайланды.

Банктің тәуелсіз директорлары ретінде банктің директорлар кеңесінің мүшелері – Рүстем Бектұров пен Хуберт Пандза тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!