Magnum тұрмысы төмен отбасылардың балаларына әлеуметтік пакет бере бастады

15:38, 3 наурыз 2020

Наурыз айының бірінші жартысында мұндай пакеттер тек атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтарға беріле бастайды.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік пакетте азық-түлік жинағы және гигиеналық құралдар жинағы бар.

Ал ай сайын берілетін азық-түлік жинағы балалардың жас санатына байланысты құрамы бойынша ерекшеленеді: 1 жастан 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейін, әлеуметтік пакеттің құрамы бірдей.

Әлеуметтік пакетті қалай алуға болады?

Magnum.kz сайтында көмек пакетін алушылардың ЖСН тізімі жарияланады. КӘП алушылары өз ЖСН тапқан соң, ол тіркелген Magnum филиалына бару қажет.

Magnum компаниясының филиалдарында әлеуметтік пакеттерді алу үшін жеке куәлікті ұсыну керек. КӘП беру Magnum компаниясының дерекқорында алушылар тіркелген соң, жүзеге асады. Ол үшін дүкендегі анықтама орталығына жолығу қажет.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу ережелерін білу және кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алу тізіміне қосылу үшін тұратын мекен-жай бойынша аудандық әкімдіктерде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне жүгіну қажет.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!