Magnum компаниясының басшысы тұтынушыларға үндеу жолдады

14:15, 19 наурыз 2020
3183

«Құрметті сатып алушылар! Біздің дүкендердегі сенім мен тыныштық үшін сіздерге өте ризамыз. Және ағымдағы жағдайға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін. Үкімет қабылдаған шектеулер сіз бен бізді қорғау үшін қажетті шара болып табылады», — деді Азамат Османов.

Оның айтуынша «Магнум» бүкіл ел бойынша ерекше режимде жұмыс істейтінін, компания санитарлық нормаларды күшейту бойынша барлық мүмкіндіктерді қолданады. Карантин кезеңінде тауарларды сауда желісінің тарату орталықтарынан (қоймалардан) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жеткізу жалғасады.

«Бірақ төтенше жағдайды енгізу біздің жұмысымызға кейбір түзетулер енгізеді. Жеткізушілердің барлық машиналары Нұр-Сұлтан мен Алматыға кіре берісте бақылаудан өтетініне байланысты жеткізу жылдамдығы баяулауы мүмкін. Сонымен қатар, адамдардың жүруіне шектеу енгізілді. Сондықтан да Нұр-Сұлтан мен Алматы маңында тұратын қызметкерлеріміздің бір бөлігі кесте бойынша жұмысқа шыға алмайды. Кей жерлерде бізге адамдар жетіспейді, әсіресе Алматыда. Осыған байланысты біз екі елорданың барлық мүдделі тұрғындарын жұмысқа қабылдауға қуаныштымыз», — деді ол.

Ол сатып алушылардан сауда желісінің қызметі әдеттегідей болмаса, түсіністікпен қарастыруды сұрады. 

«Егер сіз дүкен сөресінде қажетті тауарды таба алмасаңыз, онда бұл тапшылық емес, жеткізу жылдамдығының баяулауы мен жұмыс қолдарының жетіспеушілігімен байланысты. Сіз қажетті тауарларды біздің желіміздің басқа филиалынан таба аласыз немесе басқа күні сатып алуға келе аласыз. Қайталап айтамын, біздің қоймаларда барлығына осы кезеңді тыныш және сенімді өтуге мүмкіндік беретін қор жеткілікті. Біз барлық тұтынушыларымыздан тауарларға деген қажеттілікті нақты бағалап, әдеттегі режимде сатып алуды сұраймыз. Баршаңызға мықты денсаулық және өмірдің әдеттегі ырғағына тез оралуыңызды тілеймін!», — деді Азамат Османов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!