Лондон қор биржасының директоры отставкаға кетеді

14:03, 19 қазан 2017

Лондон. 19 қазан. 7kun.kz — London Stock Exchange Group қор биржасының бас атқарушы директоры Хавьер Роле отставкаға кетеді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Лондон қор биржасын 2009 жылдан бастап басқарған ол 2018 жылдың желтоқсанында компаниядан кетеді.

57 жастағы француз азаматы биржаны сегіз жыл бойы басқарған кезінде, капиталдандыру көлемі 800 миллион фунт стерлингтен 14 миллиардқа (18,5 миллиард долларға) дейін өсті. Дегенмен, ол неміс Deutsche Boerse операторымен біріге алмады. Келісім-шарт монополияға қарсы органдардың қарсыласуымен бұзылды.

Бейсенбіде London Stock Exchange Group-тің үшінші тоқсанға арналған қаржылық көрсеткішінде  кіріс 18 пайызға артып, 443 миллион фунтты құрады. Ал таза табысы 17 пайызға көтеріліп, 486 миллион фунтқа жетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!