Қызылорда облысында қоқыс полигоны салынады

12:40, 7 ақпан 2019

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Қызылорда облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі бойынша іске асырылатын болады.

«Қызылордадағы қоқыс сұрыптау кешеніне арналған полигон құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді іске қосу Белкөл кентінен 4 шақырым қашықтықта орналасады. Оның аумағы 20 га. Қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайды», – деп толықтырды ведомстводан.

Іске асыру мерзімі 2019-2020 жылға жоспарланып отыр. 40 жұмыс орнын құру көзделуде.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!