Қытайлық инвесторлар Алматыдағы болат құбырлар өндірісін қаржыландырды

17:06, 11 ақпан 2019
473

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – Алматыда 2019 жылы су, газ, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін үлкен диаметрлі болат құбырлар шығаратын зауыт іске қосылады.

«Эйза Стил пайп корпорейшн» қазақ-қытай бірлескен кәсіпорнының деректеріне сәйкес, жоба 2019 жылдың шілде-тамыз айларында іске қосылады.

«Инвестиция көлемі 100 млн долларды құрады. «Эйза Стил пайп корпорейшн» қатысушыларының үлесі: Қазақстан тарапы Service Pipes Holding – 25%, Dostar Drilling – 25%. Қытай компаниясы Central Asia Ruisi Pipes (Tianjin) Corporation – 50%», – деп түсіндірді ұйымда.

Жобаның жобалық қуаты жылына 100 мың тонна құбыр деп жоспарланып отыр. Кәсіпорында 300 жұмыс орны ашылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!