Қытайлық инвестор қазақстандық қант бизнесіне инвестиция салғысы келеді

15:58, 19 тамыз 2019
359

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан мен Қытай Павлодар облысында қант зауытын салу мәселесін пысықтауда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Ақсу қаласында кәсіпорынды салу үшін жер учаскесі бөлінген.

«Жылына 100 мың тонна қант өндіретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталу сатысында. Әзірлеуші — «БМА Руссланд» (Германия). NAALE Group Ltd-мен (Қытай) осы жобаны бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда», — деп түсіндірді министрлікте.

Сонымен қатар, ведомствода тағы бір қант зауытының құрылысы Жамбыл облысы Шу ауданында жоспарланғанын еске салды. Зауытта жылына 116 мың қант өндіретін болады. Жоба 80 млрд теңгеге бағаланып отыр.

«Бастамашы ауылшаруашылық техникаларын сатып алу және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын бастады. Биыл облыста 300 мың гектарға қант қызылшасы егілді», — деп хабарлады АШМ.

Сонымен қатар, департамент ішкі нарықтың 85%-ы импортталған қамыс шикізатын өңдеу және дайын қантты импорттау арқылы қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

«БМА Руссланд» 1853 жылы Германияда құрылды және қант өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығарады, қант зауыттарын жобалаумен және салумен айналысады.

NAALE Group Ltd – бұл ауыз су сусындарын және оларға арналған қаптамалар мен ыдыстар шығаратын қытайлық компания.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!