Қытайдың 31 мыңнан аса тұрғыны тұрғыны коронавирус жұқтырды

12:28, 7 ақпан 2020

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Қытайда жергілікті уақыт бойынша жұма күні сағат 00: 00-де коронавирустың жаңа түріне байланысты пневмониямен ауырғандар саны 31 мың 161 адамды құрады, өлім көрсеткіші 636 жағдайға жетті, деп хабарлайды ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Өткен тәулік ішінде бұл ауруды жұқтырғандар саны елде 3143 адамға, ал қайтыс болғандар 73 адамға көбейді. Олардың ішінде Хубэй провинциясындағы аурудың эпицентрінде 69 адам қайтыс болды, ал Цзилинь, Хэнань, Гуандун, Хайнань провинцияларының әрқайсысында бір адамнан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Қытай ауруханаларында 28 985 адам емделуде, 4 821 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады. Елдің медициналық мекемелерінде ауру белгілері болуына байланысты 186 мың 45 адам қаралуда, 1 540 адам сауығып, шығарылды.

Еске сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында басталды. Жұқтырғандар жергілікті теңіз өнімдері базарында жұмыс істеген. Содан кейін ауру жағдайлары ҚХР-ның басқа қалаларында тіркелген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!