Қытайда коронавирустан 560-тан астам адам қайтыс болды

09:37, 6 ақпан 2020
859

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz — Қытайда жаңа коронавирус індетінен қайтыс болғандар саны 563 адамға жетті. Ал ауру белгілері 28 081 адамнан анықталды.

Бір күнде коронавирус арқылы туындаған пневманияның жаңа 3694 жағдайы расталды. Ал тәулік ішінде 73 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар, аурудан айыққан 1153 адам ауруханадан шықты.

Еске сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында басталды. Жұқтырғандар жергілікті теңіз өнімдері базарында жұмыс істеген. Содан кейін ауру жағдайлары ҚХР-ның басқа қалаларында тіркелген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!