Қытай инвесторлары Қазақстанда зауыт салудан бас тартты

15:48, 22 қараша 2019

Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — Қытай инвесторлары Оңтүстік АЭА-да 42 млрд теңгенің зауытын салмайтын болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

Ведомство 2017 жылы Сяньян тоқыма өнеркәсіп паркімен келіссөздер жүргізгенін еске салды.

«Қытай тарапы аймақ аумағында 42 млрд теңгеге инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді», – деп хабарлаған министрлік.

Осылайша, өңірде мақта-мата иірімжібін өндіретін фабрика салынады деп жоспарланған. Нысанның қуаттылығы жылына 25 мың өнімді құрауы керек еді.

«Жобаның қаржылық моделін әзірлеу және тәуекелдерді бағалау бойынша жұмыстар аясында қытайлық әріптестер соңғы жылдары байқалатын мақта құнының жиі ауытқуы күтпеген шығындарға әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді», — деді министрлікте.

Сонымен қатар, ынтымақтастық шеңберінде Қытайда АЭА және Қазақстанда Саньян тоқыма паркінің өкілдіктері ашылды. Олардың қызметі пилоттық режимде жүзеге асырылып, ақпарат алмасуға және жобаны іске асыру үшін тараптардың іс-қимылдарын келісуге бағытталған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!