Қытай Deutsche Bank-тің ең ірі үш акционерінің бірі болды

10:55, 20 ақпан 2017

Қытай компанияларының конгломераты HNA Group Deutsche Bank-тің 3,04 пайыз акциясын сатып алды да, неміс банкінің Катар мен АҚШ-тан кейінгі ірі акционерлерінің бірі болды. 

Қытайдағы авиация, туризм, логистика мен теңіз тасымалы компанияларының басын қосатын холдинг Deutsche Bank-тің 3,04% акциясын сатып алды. Қытай инвесторлары сатып алған үлестің құны Deutsche Bank-тің қазіргі бағамымен есептегенде 750 млн еуроны ($799 млн) құраған.

HNA Group аталған банктің 10 пайыз акциясына ие Катар мен 6,1 пайыз акцияға ие америкалық BlackRock-тан кейінгі үшінші ірі акционер болып отыр. Кейбір БАҚ-тың жазуынша, HNA Group компаниясы Deutsche Bank-тегі үлесін арттырмақ.

 

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!