Қыркүйекте қай елдерде демалуға болады?

15:36, 10 қыркүйек 2019
1158

Еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбырлы маусым басталды. Күн суытып, күздің келгенінен хабар бергендей. Мұндай ауа-райында жылы маусыммен қоштаса алмай жүргендер жағажай демалысына қарай ағылады. Сондықтан, 7kun.kz күздегі демалыстың артықшылықтары мен қай елдерде демалуға болатыны туралы ақпарат беруді жөн көрді.

Жағажай демалысы

Әдетте, күздің алғашқы айында демалуды жоспарлағандар туристердің үлкен топтарын ұнатпайтындар болады. Олар тыныш әрі есте қаларлық демалыс өткізуді қалайды. Дегенмен, қыркүйек айында да жазғы демалыстан кем әсер аласыз деуге келмейді. Бұл мезгілде теңіз жағажайларында күн жылы болады, ыстық емес. Көп адамдар мұны артықшылық деп санайды, себебі бәріне бірдей күнге күю ұнай бермейді. Бірақ, демалатын елді дұрыс таңдамасаңыз, тосын сыйларға дайын болғаныңыз жөн.

Қыркүйек айындағы жағажай демалысын алуан түрлі, қызықты және ұмытылмас естеліктерге толы өткізу мүмкін. Ол үшін жағажайда күнге қыздырынумен қатар, көрікті жерлерді аралап, көшеде серуендеуді ұсынамыз. Бұл мезгілде Күннен қашып, бассейнде отырудың қажеті жоқ.

Салқын ауа-райын жөн көретіндерге Жерорта теңізінің курортары қолайлы болады. Алайда, аймақта айдың екінші жартысында жаңбырлы күндер басым. Италия мен Испанияның шипажайларын таңдауға кеңес береміз. Мұнда елдердің ұлттық ерекшеліктерімен танысып, мерекелерін бірге атап өтуге де болады. Мәселен, Испанияның Ронда қаласында жыл сайын мемлекеттің негізін қалаған Педро Ромероның құрметіне мереке өтеді.

Жылулықты ұнататындарға Кипрға, сондай-ақ Италияның оңтүстік бөлігіне баруға кеңес береміз. Онда ауа температурасы 26 градус, сәйкесінше, судың температурасы да төмендеу. Тағы бір жақсы нұсқа — Грекия. Бұл елде Критаға жақын аралдарды таңдау қажет.

Сенімді түрде карнавалдар елі Бразилияға, сафарилер салтанат құрған Кенияға, АҚШ-ның ең танымал курорты Майамиге сапар бағытын бұра аласыз.

Жылдың төрт мезгілінде күн жарқырап тұратын Египет курорттарында керемет демалыс болатыны анық. Олардың ең танымалы Хургада және Шар-эль-Шейх. Әсіресе, күздің алғашқы айында күннің беті қайтып, қоңыр салқын ауа-райы қалыптасады. Дәл осындай климатымен Түркия елі де танымал. Қазақстандықтардың сүйікті таңдауларының бірі саналатын елде күз басталысымен суық бола қоймайды.

Тайландқа да жол сөмкеңізді дайындасаңыз болады. Бірақ, мұнда жауын-шашын аз болғанымен, оның өзі ойдағыдай демалысты өткізуге кедергі келтіретінін есте сақтаған жөн. Бұл жағдайда жалғыз жол — жағалаудың шығыс бөлігін таңдау, мысалы Малакки.

Туниске баратын болсаңыз, «жазға қайта оралдым» дей берсеңіз болады. Өйткені, Тунисте жазға қарағанда қыркүйекте демалған әлдеқайда жақсы. Ауа температурасы +34 дейін, ал судың температурасы +28 дейін қызады.

Күздің бірінші айында Кубаға жиналатындар да жетерлік. Осы уақытта Куба аралдарында жаңбырлы маусымның соңғы кездері өтеді. Аз жаңбыр жауғанымен, ауа-райы құбылып тұрады. Сонда да қыркүйекте Кубада курорттық маусым ашылады.

Салқын, бірақ тиімді нұсқа ретінде Болгария курорттарын ұсынамыз. Елде жаздың аяқталуымен шипажайлардың бағасы арзандай түседі.

Алыс сапарларды ұнатпайтындар көрші Ресей елін де таңдауына болады. Бұл уақытта елдегі туристер саны азая бастайды. Қара теңіз жағалауындағы курорттарда қонақ үйлердің бағасы төмендейді. Сонымен қатар жергілікті базарлардан көкөніс пен жеміс-жидектерді арзан бағамен сатып алуға болады. Негізінде, Қара теңіз жағалауы жазда да қатты ыстық емес. Теңіз бойындағы Анапа мен Геленджик жағалауларында керемет демалыс өткізуге болады. Краснодар өлкесінің осы аймағында өте қолайлы климат орнайды. Сондай-ақ, Қара теңіз жағалауында демалып жүріп, көршілес Абхазияға да ат басын бұруға болады. Онда бағалар тиімді. Емделу мақсатында да баруға болады, жеміс-жидектердің сан түрі мен экскурсиялар демалысыңызды екі есе қызықты етеді.

Арзан демалыс

Қыркүйек айында арзан демалуға болатын бірнеше елді ұсынуға болады. Ең жақынынан бастайық. Жоғарыда Абхазия туралы айттық, жақын әрі қолжетімді. Бұл тізімге Болгарияны да қосуға болады.

Тіпті, Түркияда да аз қаражатқа дем алу мүмкін. Тек ол үшін орталықты емес, шет аймақтардағы курорттарды таңдау керек. Осы тәсілді Грекия мен Кипрға сапарға аттану үшін қолдансаңыз болады.

Үндістандағы экзотикалық демалыс тек ұшу жоспарында ғана қымбат көрінеді. Жалпы, Үндістанда қымбатқа да, арзанға да демалуға болады. Ал тиімдісін таңдау үшін «жұлдызды» қонақүйлерді ұмыту егер. Сонда ғана ештеңеден бас тартпай және такси жүріп, күніне мың рупийден артық шығындалмауға болады.

Қыркүйек айындағы демалыс үшін бюджеттік елдердің бірі — Боливия. Мұнда жазға қарағанда сәл салқын болады, бірақ ауа температурасы жеткілікті түрде жылы. Көп жылу алу үшін шығыс жағалауын таңдаған дұрыс. Боливияның халқы өте қонақжай, сондықтан туристерде тегін түнеп шығуға да мүмкінді болады. Саяхат кезінде, елдегі құрметтелетін салт-дәстүрлермен жақынырақ танысуға кеңес береміз.

Балалармен демалыс

Жоғарыда атаған елдердің бірінде отбасылық демалысты ұйымдастыруға болады. Мысырдағы Хургада курортының құмды және жазық жағажайлары кішкентайларға тамаша ермек болады. Сондай-ақ, Болгориядағы Албена мен Күнді жағалауда жағажайлардан бөлек баларға арналған түрлі ойын-сауық бар. Түркияда Богазкент курорттық қалашығын таңдаған жөн, өйткені ол кішкентай туристер үшін арнайы дайындалған. Көптеген отбасылар Азов теңізінің жағалауына барғанды да құп көреді.

Еуропаға саяхатты да ұйымдастыруға болады. Егер баланың қызығушылығы жоғары болса, он бұл идея оның көңілінен шығады әрі дүниетанымын кеңейтеді. Оның үстіне Германиядағы Леголэндқа және Франциядағы Диснейлэндке сапарды ешқашан ұмытпайды. Ал Швецияда аттракциондары бар саябақтар қыстың басына дейін ашық. Демек, әр кезде таңдау бар, тек бюджет пен қалауды анықтап алу керек.

Қосымша

Қыркүйек айында жылы жағажайларда ғана емес қарлы курорттарда демалу мүмкін. Қыс мезгіліне асығып жүргендер Австрия мен Францияның тау шаңғысы курорттарына барады. Швейцарияның Саас-Фе және Церматте тау шаңғысы курорттары да туристерді құшақ жая қарсы алады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!