Күндізгі сессиядан кейінгі доллар курсы 330 теңге болды

19:05, 18 қаңтар 2017

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 18 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 330,58 теңгені құрады. Бұл  туралы  биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 329,99 теңгені құрады. Жоғары курс – 331,10 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330,10 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 52 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 150.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Ақша айырбастау орындарында 18 қаңтардағы доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 15:20) Алматыда 331,9 теңгені құраған.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!