Күндізгі сессия: 1 доллар үшін – 383,8 теңге

15:50, 18 маусым 2019
451

Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 383,86 теңгені құрады. 

KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 383,62 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 384 теңге, жабылу курсы бір долларға – 383,79 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 45 млн 477 мың  долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 154.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30-да 384,8 теңге, Алматыда – 386 теңге.

Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша америка валютасының орташа бағамы 383,69 теңге деңгейінде қалыптасты.

Ұлттық Банктің 18 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 383,43 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!