Күндізгі сессия: 1 доллар — 330,42 теңге

16:01, 24 қараша 2017

Алматы. 24 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 24 қарашадағы доллардың орташа бағамы 330,42 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,30 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 330,71 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330,30 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 125 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 262.

Ақша айырбастау орындарында 24 қарашадағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 332 теңгені құраған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!