«Кселл» желісінде 4G интернет желісін пайдалану екі есе өсті

10:37, 18 наурыз 2019

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Kcell желісінде 4G/LTE интернетін тұтыну мөлшері  екі есе өсті, ал LTE-қолдайтын смартфондар көлемі 50 пайызға жетті. Бұл туралы  оператордың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл нәтижелер ұялы байланыс операторының 2018 жыл бойынша жасаған есебінде көрсетілген. Есепті кезеңде Kcell және Activ абоненттері 258 198 ТБ интернет-трафикті пайдаланды, бұл 2017 жылға қарағанда 34% артық. Сонымен бірге, Қазақстан тұрғындарының 80 пайызға жуығы «Кселл» компаниясының ұялы интернетімен қамтылған.

«Қызмет көрсету сапасын жақсарту және 4G байланысын  арттыру компаниямыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. 2018 жылы төртінші ұрпақ желісін кеңейту бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткіздік, қазір халықтың 62% -ы 4G/LTE желісімен қамтылған. Біздің желідегі смартфондардың жалпы саны айтарлықтай өсті – олар 67,4 пайызды құрайды», – деп атап өтті Кселл компаниясының бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис.

Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша оператор желісіне 4G құрылғысының енуі алғаш рет 50%-дан асты. Сондай-ақ, 2 млн-нан астам абоненттер 4G қызметтерін пайдаланған. 2018 жылы компания абоненттері 4G/LTE желісінде 131,838 ТБ ғана пайдаланды, оның  ішінде 56 728 ТБ Алматы мен Астана қалаларының тұрғындарының еншісінде.

Айта кетейік, 2018 жылы төртінші буын желісі Қазақстанның 25 қаласында пайда болды. Олар:  Қапшағай, Текелі, Есік, Қаскелең, Жаркент, Степногорск, Атбасар, Щучинск, Қандыағаш, Шалқар, Аягөз, Зырян, Зайсан, Саран, Шахтинск, Форт-Шевченко, Ақсай , Шу, Жаңатас, Арал, Қазалы, Арыс, Сарыағаш, Ленгер, Жетісай. 2,5 жылдан астам уақыт ішінде 4G/LTE Kcell желісі 57 қалада қол жетімді болды және 17 қалада  4G +/LTE Advanced желісі қосылды.

Компания өткен жылы желінің сапасын бақылау және деректерді беруді жүзеге асыруға ерекше назар аударды. «Кселл» инженерлері еліміздің 28 қаласында қалалық жолдар мен қалааралық магистральдарда дыбыс және интернет сапасын  өлшеп, драйв-тест өткізді. Олар барлығы 31 мың километр жүріп өтті. Бұл экватордың 77,35% тең*. Алынған деректер 2019 жылы желіні оңтайландыру мен дамыту кезінде негізге алынады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!