ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жаңа төраға тағайындалды

11:05, 22 ақпан 2018

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – ҚР Үкіметінің қаулысымен Дмитрий Васильевич Голобурда ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылып, Министр бұйрығымен ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Дмитрий Голобурда 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған.

1995 жылдан бастап 2009 жылға дейін ҚР ӘМ Заң шығару ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ үкіметтік байланысты қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істеген. 2009–2012 жылдар аралығында «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

2012–2014 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Арнайы ақпараттық қызметі директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2014 жылдың сәуірінен бастап тамыз айына дейін — ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары.

2014–2016 жылдар аралығында — ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылдың қараша айынан қазіргі таңға дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарған.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!