Қостанайдағы инвестициялық форумда органикалық егіншілікке басымдық беріледі

11:55, 21 қыркүйек 2017

Қостанайда өтіп жатқан инвестициялық форум аясында қазақстандық және шетелдік сарапшылар Тобыл өңірінің стратегиялық даму жоспарын саралады.

Астық өндірісіндегі  жаңа технологиялар  жыл сайын тұрақты және сапалы өнім алуға мүмкіндік беріп отыр. Өңірдегі 22 шаруашылық халықаралық органикалық егіншілік сертификатын алған. Олардың  өнімдері әлемдік нарықта зор сұранысқа ие. Биыл  қостанайлық диқандар 5 миллион тоннаға жуық астық алуды межелеп отыр. Оның арасында  жергілікті ғалымдар ұсынған жаңа тұқым түрлері де бар.

Алмабек Нұғыманов, Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ директоры: 

-Биыл бізде екі жаңа сорт сынағы өткізіліп жатыр және де біз оларды өндіріске енгізіп, қазір екі шаруашылықта өсіріп жатырмыз. Осы шаруашылықтар бойынша қарап жатырмыз. Орташа алғанда 20-25 пайыз түсімі жоғарырақ болып жатыр. Сапасы да өте жоғары.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!