Корпоративтік депозиттердің үлесі 54,2 пайызды құрады – Шаяхметова

16:56, 22 мамыр 2018

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Бүгін Қазақстан Халық банкі 2018 жылғы 1 тоқсанындағы шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін жариялады.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2017 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда, банк клиенттерінің оларды жеке қаржыландыру мақсаты үшін қаражатты ішінара алуы есебінен сәйкесінше 10,9 пайыз және 1,4 пайызға төмендеді.

2017 жылғы 31 желтоқсанда теңгеде деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі депозиттердің жалпы сомасында өткен жылғы желтоқсандағы 48,3 пайызбен салыстырғанда наурызда 54,2 пайызды құрады. Бұл кезде теңгеде деноминацияланған бөлшек депозиттердің жалпы депозиттердің сомасындағы үлесі 42,7 пайыз болды.

Сондай-ақ, кредиттік мекемелердің қаражаты 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2018 жылы 1 тоқсанда Қазақстан Қор Биржасымен РЕПО мәмілелерінің жабылуы есебінен 37,9 пайызға төмендеді.

2018 жылы наурызда банктің қаржы институттарының адындағы міндеттемелерінің 77,6 пайызы 2014 және 2017 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы ходингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тан экономиканың жекелеген секторларын қодау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздардан құралды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!