Қордайдағы қақтығысқа байланысты 25 қылмыстық іс қозғалды

17:21, 10 ақпан 2020

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік, кісі өлтіру фактісі бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Сортөбе ауылындағы брифингте мәлімдеуінше, жаппай тәртіпсіздік, тәртіпсіздікке, кісі өлтіру, бұзақылық, билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, мүлікті жою, сондай-ақ қаруды заңсыз дайындау фактілері бойынша 25 қылмыстық іс тіркелді.

Еске сала кетейік, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болған. Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 293 бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Өкінішке қарай, жаппай тәртіпсіздік кезінде 10 адам қаза тауып, 43 адам ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі таңда 39 адам ауруханаға ем қабылдап жатыр», — деді Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ОКҚ брифингінде.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!