Компьютерлік ойын Нотр-Дамды қалпына келтіруге көмектеседі

12:35, 17 сәуір 2019

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Нотр-Дам соборы 2014 жылы шығарылған Assassin ‘ s Creed Unity компьютерлік ойынындағы храмның үлгісі бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.

Әзірлеушілер виртуалды Құдай-Ана соборы мен XVIII ғасыр соңындағы Парижді құрастыруға екі жыл уақытын жұмсаған. Үлгілердің ұқсас болғандығы соншалық, жанкүйерлер мен журналистер шіркеуді қалпына келтіру кезінде осы тәжірибені пайдалануды ұсынды.

Ғимараттың түпнұсқалық сызбалары және безендіру бөлшектерінің сипаттамасы жоғалған: собор XII–XIV ғасырларда тұрғызылған. Сондықтан виртуалды үлгі храм туралы негізгі ақпарат көздерінің бірі бола алады. Сонымен қатар, 2015 жылы Эндрю Тэллон Нотр-Дамның толық 3D-үлгісін жасады. Ол лазерлік сканерлеу арқылы собордың толық жоспарын дайындады. Бұл деректерді біріктіріп, соборды қалпына келтіру мүмкіндік бар. Көптеген фотосуреттер мен бейнекөріністер де көмектеседі.

Еске сала кетейік, 15 сәуір күні Париждегі Құдай-Ана соборы өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер тек 12 сағаттан кейін ғана жалынды ауыздықтады. Франция президенті Эммануэль Макрон Нотр-Дамды қалпына келтіруге уәде берді. Ал француз меценаттары ғимаратты қалпына келтіру үшін қаржылай көмек көрсетуге дайын екендерін хабарлады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!